«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 315 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларында:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) шағын архитектуралық нысандар - сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: