«Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 431 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12553 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың мақсаттары мен міндеттері»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың құқықтары»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Консультативтік-кеңесші органдардың өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын жоспарлау және өткізу»;