Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 118 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа сәйкес Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. «Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 245 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 118 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын
мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің