«Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 78 бұйрығы

Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 78 бұйрығы

 

«Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар министрі

 

З. Сулейменова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрі

2023 жылғы 7 наурыздағы

№ 78 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің

 тізімі

 

Атауы

Қазақ тiлiнде

Орыс тiлiнде

Латын тiлiнде

1

2

3

4

Эндемиктік өсімдіктері

1.

Каратау кемпіршөбі

Акантолимон каратавский

Acantholimon karatavicum Pavlov

2.

Микешина кемпіршөбі

Акантолимон Микешина

Acantholimon mikeschinii Lincz.

3.

Мыңжылқы кемпіршөбі

Акантолимон минжелкенский

Acantholimon minshelkense Pavlov

4.

Титов кемпіршөбі

Акантолимон Титова

Acantholimon titovii Lincz.

5.

Ұзынжемісті

бипан

Ахорифрагма длинноплодная

Achoriphragma longicarpum (Krasn.) Sojak (Parrya longicarpa Krasn.)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.