Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы
(2021.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.26.06. № 308 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.28.09. № 510 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.21.05. № 213 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.19.11. № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.22.11. № 432 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.21.05. № 213 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.19.11. № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.22.11. № 432 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.28.09. № 510 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.21.05. № 213 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.19.11. № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.22.11. № 432 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.