(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР...

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларының 10-тармағына, 11-тармағының 2) және 5) тармақшаларына, 43-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

5) «А» корпусының кадр резервіне алу үшін кандидаттың қызметтік тізімінің нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13443 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.