«Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 74 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда:
46 және 47-тармақ алып тасталсын;
50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«50. Жобалау көрсеткіштерін түзету мынадай жағдайларда көмірсутектерді барлау кезінде жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау шеңберінде жүзеге асырылады:
1) базалық жобалау құжатында көзделген жобаланатын тәуелсіз
ұңғымалардың санын азайтпай, бұрғылау графигін өзгерту;
2) жобаланатын ұңғымалардың орналасу жерін түзету;
3) зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемдерін өзгерту;
4) сынау объектілерін және бұрғыланған және жобаланатын іздестіру және бағалау ұңғымаларындағы санын түзету.»;
52-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«52. Авторлық қадағалау бойынша есеп жасау кезінде жұмыстарды жүргізу барысында алынған ақпарат пайдаланылады, ал нәтижелер ақпараттық есеп түрінде ресімделеді.»;
54 және 55-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«54. Авторлық қадағалау бойынша есеп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін базалық жобалау құжаттарының іске асырылуына авторлық қадағалауларды жасау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жасалады.