«Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 74 бұйрығы

«Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 74 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда:

46 және 47-тармақ алып тасталсын;

50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«50. Жобалау көрсеткіштерін түзету мынадай жағдайларда көмірсутектерді барлау кезінде жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау шеңберінде жүзеге асырылады:

1) базалық жобалау құжатында көзделген жобаланатын тәуелсіз

ұңғымалардың санын азайтпай, бұрғылау графигін өзгерту;

2) жобаланатын ұңғымалардың орналасу жерін түзету;

3) зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемдерін өзгерту;

4) сынау объектілерін және бұрғыланған және жобаланатын іздестіру және бағалау ұңғымаларындағы санын түзету.»;

52-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«52. Авторлық қадағалау бойынша есеп жасау кезінде жұмыстарды жүргізу барысында алынған ақпарат пайдаланылады, ал нәтижелер ақпараттық есеп түрінде ресімделеді.»;

54 және 55-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«54. Авторлық қадағалау бойынша есеп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін базалық жобалау құжаттарының іске асырылуына авторлық қадағалауларды жасау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жасалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.