Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 19 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса тіркеліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне берілетін қызметтік куәліктің сипаттамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.