ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы
(2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2022.05.12. № 40 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
4) арнаулы атақтар берілетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.