Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 мамырдағы № 6-1 Қаулысы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,
мына құжаттарды:
«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 22 қаулысын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 13,4%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,983 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 - баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасына (келісу бойынша) және қалалар мен аудандардағы филиалдары, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 22 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) Қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
М.О.
| Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері |
Қ. Турдиев |
Қаулыны алдым
__________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 23 мамырдағы
№ 6-1 қаулысына
1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 20 мамырдағы
№ 6 қаулысына
1-қосымша
Тәуекел аймағына байланысты («жасыл», «сары») Шығыс Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеу және рұқсат беру
өлшемшарттары
| № | Объектілер/салалар | «ЖАСЫЛ» АЙМАҚ | «САРЫ» АЙМАҚ |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік объектілері: | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| - автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген | |
| - ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды жөндеу объектілері, кілттерді дайындау, «тұрмыстық үй» қағидаты бойынша қызметтер және т.б., химиялық тазалау, кір жуу орындары, гүл сату дүкендері, фотосалондар, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, автоэкспресс (алып кетуге арналған тамақ) | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген | |
| - ЖҚС (автожанармай құю станциялары) | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген | |
| 2. | Халыққа қызмет көрсету бойынша абоненттік бөлімдер | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 3. | Тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жер астында жайғастыру және т.б.) қоспағанда, туристік компаниялар, бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері) | Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен) | Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен) |
| 4. | Дәріханалар және дәріханалық бөлшек сауда желісі, оның ішінде сауда объектілерінде орналасқан дәріханалар | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 5. | Амбулаториялық үлгідегі медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері) | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 6. | Стационарлық сипаттағы қызметтер көрсететін медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері) | P Рұқсат етілген Карантинді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету | P Рұқсат етілген Карантинді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету |
| 7. | Стоматологиялық медициналық орталықтар (кабинеттер) | P Рұқсат етілген Алдын ала жазылу бойынша | P Рұқсат етілген Алдын ала жазылу бойынша |
| 8. | Медициналық-әлеуметтік объектілер және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтары | P Рұқсат етілген Карантинді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету Стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында - орталық қызметкерлерінің осы жерде 14 күн тұруымен | P Рұқсат етілген Карантинді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету Стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында - орталық қызметкерлерінің осы жерде 14 күн тұруымен |
| 9. | Балалар түзету кабинеттері, секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары | Рұқсат етілген | P Рұқсат етілген Топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 15 баладан (ересектерден) аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша |
| 10. | Косметологиялық қызметтер орталықтары және сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар, маникюр және педикюр, массаж және татуаж кабинеттері | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 11. | Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік базарлары | Рұқсат етілген Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады | Рұқсат етілген Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады |
| 12. | Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарлары | P Рұқсат етілген Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, жұмыс кестесі жексенбі күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады | P Рұқсат етілген Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, жұмыс кестесі жексенбі күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады |
| 13. | Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік сатпайтын базарлар | Рұқсат етілген Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады | Рұқсат етілген Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады |
| 14. | Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік сатпайтын базарлар | P Рұқсат етілген Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, жұмыс кестесі жексенбі күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады | P Рұқсат етілген Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, жұмыс кестесі жексенбі күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады |
| 15. | Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер) | P Рұқсат етілген Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін рұқсат етілген Сауда залының ауданы 100 ш.м. дейін болған кезде - тиісінше 8 адамға дейін Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. Жеткізуге шектеусіз | P Рұқсат етілген Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін рұқсат етілген Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейін болған кезде - тиісінше 8 адамға дейін Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. Жеткізуге шектеусіз |
| 16. | Азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, сауда орталықтары, СОО, көтерме-бөлшек сатудың сауда-логистикалық орталықтары) | P Рұқсат етілген Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде қолданыстағы жұмыс кестесі (режимі) Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады Жеткізуге шектеусіз | P Рұқсат етілген Азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханаларды және оларда орналасқан дәріханалар желісін қоспағанда, толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, қолданыстағы жұмыс кестесі (режимі), жексенбі күні - сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады Жеткізуге шектеусіз |
| 17. | Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, зоодүкендер) | Рұқсат етілген Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін рұқсат Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейін болған кезде - тиісінше 8 адамға дейін Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. Жеткізуге шектеусіз | Рұқсат етілген Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін рұқсат Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейін болған кезде - тиісінше 8 адамға дейін Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. Жеткізуге шектеусіз |
| 18. | Демалыс күнгі ашық ауадағы ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелері | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 19. | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристтік базалар және т.б.) | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 20. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана** типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | P Сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ отыратын орындар санын 50 орыннан асырмай «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады | P Сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ отыратын орындар санын 50 орыннан асырмай «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай, сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 21. | Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | Рұқсат етілген, тәулік бойы «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады | Рұқсат етілген, тәулік бойы «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады |
| 22. | Жазғы алаңдар | P Жұмыс режимі 7.00-ден 02.00-ге дейін | P 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 23. | Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 24. | Қоғамдық тамақтану объектілері: фудкорттар (сауда орталығындағы, қонақ үйдегі, әуежайдағы, вокзалдағы немесе кейбір жағдайларда келушілерге тамақтануға арналған ортақ залы бар бірнеше тамақтандыру кәсіпорындары бірден қызмет көрсететін жеке ғимараттардағы тамақтану аймағы) | Тәулік бойы, тек тамақты алып кету мен жеткізуге ғана | Тәулік бойы, тек тамақты алып кету мен жеткізуге ғана |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 25. | ХҚО | Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін | P Рұқсат етілген Уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін |
| 26. | «Қазпошта» АҚ филиалдары мен оның бөлімшелері | Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі Қызметтерді барынша онлайн-форматта көрсету | P Рұқсат етілген Уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қызметтерді барынша онлайн-форматта көрсету |
| 27. | Қаржы секторы субъектілері: екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар), ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер | Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен актісінің (бұйрығының) талаптарын сақтаған кезде | P Рұқсат етілген Уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен актісінің (бұйрығының) талаптарын сақтаған кезде |
| 28. | Мектепке дейінгі балалар мекемелері/ұйымдары | Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі Міндетті түрде таңертеңгі сүзгіні өткізу, персоналдың маскалық режимді сақтауы, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды жүргізбеу, ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерге әкелетін адамдардың кіруіне рұқсат бермеу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары» қолданылады | P Рұқсат етілген 25 адамға дейін жинақтау сақталған кезде кезекші топтар Міндетті түрде таңертеңгі сүзгіні өткізу, персоналдың маскалық режимді сақтауы, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды жүргізбеу, ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерге әкелетін адамдардың кіруіне рұқсат бермеу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары» қолданылады |
| 29. | Орта білім беретін оқу орындары, оның ішінде лицей мәртебесімен | P Рұқсат етілген Дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін оқыту Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту Жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқыту COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары» қолданылады | P Рұқсат етілген Дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін оқыту Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту Жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқыту COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары» қолданылады |
| 30. | Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) жүйесінің мекемелері, ЖОО | P Рұқсат етілген Оқушыларды және І курс студенттерін штаттық оқыту | P Рұқсат етілген Оқушыларды және І курс студенттерін штаттық оқыту |
| 31. | Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда) ٭(сілтемені қараңыз) | P 30% - қашықтықтан; 70% - күндізгі режим Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады | P 50% - қашықтықтан; 50% - күндізгі режим Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады |
| 32. | Кеңестер (отырыстар) | P Рұқсат етілген Тікелей режимде өткізу (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) | P Рұқсат етілген Тікелей режимде өткізу (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) |
| 33. | Діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) | P Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген: - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, мешіттерде намазды, оның ішінде жұма намазын залдың толтырылуы 30%-ға дейін, 1 (бір) адамға кемінде 4 ш.м. есебінен, 2 отыратын орыннан кейін шахмат тәртібі бойынша отырғызу (орналастыру) кезінде өткізуге рұқсат етілген; - толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде мешіттерде ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды), күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маскалық режим мен бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде өткізуге рұқсат етілген | P Рұқсат етілген Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маскалық режим мен 1 (бір) адамға кемінде 4 ш.м. есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде рұқсат етілген |
| 34. | Моншалар | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 35. | Сауналар | Рұқсат етілген | P Рұқсат етілген, жексенбі күнінен басқа |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 36. | Меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары | P Рұқсат етілген | P Рұқсат етілген Көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамға дейін) және топтық (қатысушылар саны 30 адамға дейін) жаттығуларды өткізу үшін |
| 37. | Спорт кешендері, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері, бассейндер, йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтар/клубтар, СПА орталықтары/салондары | P Рұқсат етілген Толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 5 ш. м. болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша | P Рұқсат етілген Толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 5 ш. м. болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша |
| Спорт кешендері, йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтар/клубтар, СПА орталықтары/ салондары, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері, бассейндер | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | |
| 38. | Көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу | P Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көрермендерді бір қатардың ұзындығы бойынша 2 отыратын орыннан кейін шахмат тәртібімен отырғызғанда, толтырылуы 20%-дан аспаған кезде спорттық іс-шараларды көрермендермен өткізуге рұқсат етілген | P Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көрермендерді бір қатардың ұзындығы бойынша 2 отыратын орыннан кейін шахмат тәртібімен отырғызғанда, толтырылуы 15%-дан аспаған кезде спорттық іс-шараларды көрермендермен өткізуге рұқсат етілген |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | ||
| 39. | Марафондар (ашық ауада) | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: 100 адамға дейін рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: 50 адамға дейін рұқсат етілген |
| 40. | Ұлттық құрама, клубтық командалар, облыстық және аудандық командалар үшін спорттық жаттығулар (оқу-жаттығу жиындары) | P Рұқсат етілген Адамдар саны 30-ға дейін, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру, көрермендерсіз Спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастау | P Рұқсат етілген Адамдар саны 30-ға дейін, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру, көрермендерсіз Спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастау |
| 41. | Халыққа оңалту қызметтерін көрсететін объектілер | P Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтарда | P Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтарда |
| 42. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттар мен басқаларға) бару | P Рұқсат етілген Жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимді және кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып | P Рұқсат етілген Жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимді және кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып |
| 43. | Мәдениет объектілері (мәдениет үйлері) (дайындық) | P Рұқсат етілген 50 адамға дейін жеке, топтық дайындықтар | P Рұқсат етілген 30 адамға дейін жеке, топтық дайындықтар |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға рұқсат етілген | ||
| 44. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар | P Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахмат тәртібімен отырғызған кезде, толтырылуы 30%-ға дейін | P Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахмат тәртібімен отырғызған кезде, толтырылуы 20%-ға дейін |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 40%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | ||
| 45. | Мұражайлар, кітапханалар | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 46. | Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 47. | Құрылыс және жөндеу жұмыстары (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 48. | АӨК субъектілері қызметі (ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.) | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 49. | Тұрақты облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуі | P Рұқсат етілген: - «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде; - толтырылуы отыратын орындар санының 75%-нан аспаған кезде (қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда); - жүргізушілердің, кондукторлар мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде | P Рұқсат етілген: - «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде; - толтырылуы отыратын орындар санының 75%-нан аспаған кезде (қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда); - жүргізушілердің, кондукторлар мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде |
| 50. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | P Рұқсат етілген Толтырылуы 75%, бірақ 25 адамға дейін | P Рұқсат етілген Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамға дейін |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамға дейін болған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 51. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | P Рұқсат етілген Толтырылуы 75%, бірақ 25 адамға дейін | P Рұқсат етілген Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамға дейін |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамға дейін болған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 52. | Қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктер | P Рұқсат етілген Жұмыс режимі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда (таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін)) автобустар санын арттыра отырып, дезинфекциялау құралдарымен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маскаларды киюлері керек | P Рұқсат етілген Жұмыс режимі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда (таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін)) автобустар санын арттыра отырып, дезинфекциялау құралдарымен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маскаларды киюлері керек |
| 53. | Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың) қозғалысы | Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) | P Рұқсат етілген Ортақ вагондарсыз (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
| 54. | Жолаушылар поездарының қозғалысы | Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) | P Рұқсат етілген Ортақ вагондарсыз (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
| 55. | Бильярд | P Толтырылуы 30%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан аспаған кезде рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан аспаған кезде, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін | ||
| 56. | Ойын клубтары/орындары (компьютерлік клубтар, PlayStation приставкаларын пайдаланатын клубтар және басқалар) | P Толтырылуы 30%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 60%-дан аспаған кезде рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан аспаған кезде, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін Тек 16 жастағы және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі | ||
| 57. | Боулинг | P Толтырылуы 30%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан аспаған кезде рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан аспаған кезде, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін | ||
| 58. | Балалар сауықтыру лагерьлері | P Рұқсат етілген Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде жүзеге асырылады Әрбір баланың лагерьге келген кезде денсаулық жағдайы туралы құжаты (086/у нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар, келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжаты болуы тиіс | P Рұқсат етілген Толтырылуы 50%-дан аспаған кезде Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде жүзеге асырылады Әрбір баланың лагерьге келген кезде денсаулық жағдайы туралы құжаты (086/у нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар, келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжаты болуы тиіс |
| 59. | Цирктер | P Толтырылуы 30%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| 60. | Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) | P Толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| 61. | Ашық ауадағы аттракциондар | Рұқсат етілген | Рұқсат етілген |
| 62. | Жерлеу рәсімдерін өткізу (ас беру) | P Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде тек жерлеу рәсімдерін (ас беру) өткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| 63. | Банкет залдары*** (жерлеу рәсімдерін өткізу) | P Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде тек жерлеу рәсімдерін (ас беру) өткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан асырмай, бір адамға 4 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, бірақ 70 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-дан асырмай, бір адамға 4 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, бірақ 50 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 64. | Банкет залдары * * * (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) | Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде тек жерлеу рәсімдерін (ас беру) өткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 70 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 65. | Ойын-сауық мекемелері: караоке | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 70 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 66. | Ойын-сауық мекемелері: түнгі клубтар және басқа да орындар | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| 67. | Океанариум | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: топтық экскурсияларға (15 адамға дейін) рұқсат берілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: топтық экскурсияларға (15 адамға дейін) рұқсат берілген | ||
| 68. | Көрмелер | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, бірақ бір уақытта 250 адамға дейін болғанда жұмыс істеуге рұқсат етілген | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, бірақ бір уақытта 200 адамға дейін болғанда жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 69. | Ойыншылармен (жеке тұлғалармен) кейіннен ақша қаражатын төлей отырып бәс тігетін ұйымдар (букмекерлік және өзге де мекемелер) | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| 70. | Лотереяларға қатысуға арналған жабдығы (терминалдары) бар лотерея ойындарын өткізу бойынша объектілер және лотереяларға қатысуға арналған терминалдары бар өзге де объектілер | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: P бір адамға 4 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, бірақ 60 адамға дейін болғанда | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: P бір адамға 4 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, бірақ 50 адамға дейін болғанда | ||
| 71. | Қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде бұқаралық ойын-сауық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды, форумдарды, конференцияларды, іс-шараларды (корпоративтерді) өткізу | Спорттық іс-шараларды қоспағанда, тыйым салынған | Спорттық іс-шараларды қоспағанда, тыйым салынған |
| 72. | Ойын-сауық агенттіктерінің және үйге барып ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың қызметтеріне (аниматорлық қызметтер, балалар шоулары, мастер-класстар, интерактивті спектакльдер және басқа да қызметтер) | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| 73. | Бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), әдет-ғұрыптық және басқа да іс-шаралар, оның ішінде үйде өткізу | Тыйым салынған, жерлеу рәсімдерін (ас беру) қоспағанда | Тыйым салынған |
| 74. | Адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық, театрландырылған қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шаралар | Тыйым салынған | Тыйым салынған |
| 75. | «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, кеңселер және басқалар) | Жеңілдіктерсіз | Жеңілдіктерсіз |