«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 46 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында:
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Квоталау субъектісі мониторинг жоспарына келесі жағдайларда өзгерістер енгізеді:
1) кез келген қызметтен (көзден) шығарындыларды есептеу әдісін (теңдеуін) немесе параметрлерін өзгерткенде;
2) мониторингі валидацияланған мониторинг жоспарынан ерекшеленетін жаңа қызметті (көздерді) қосқанда;
3) мониторингі (деректер мен коэффициенттер) валидацияланған жоспарда көрсетілмеген отынды қосқанда.
Жанармайдың жалпы балансының 1%-дан азын алатын отынның жаңа түрі қосылса, бақылау жоспарына өзгерістер енгізілмейді;
4) бұрын қолданылған мониторинг әдіснамасы нәтижесінде алынған деректерді уәкілетті орган дұрыс емес деп таныған жағдайларда;
5) егер осы процедуралардың өзгеруі шығарындылар туралы деректердің дәлдігіне тікелей әсер етсе, сынамаларды іріктеумен және талдаумен немесе өлшеу аспаптарын калибрлеумен байланысты жаңа процедураларды енгізу;