«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 357 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 357 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2026 жылғы 12 қазандағы

№ 357 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7756 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысаны осы тізбенің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.