«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 152 бұйрығы

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 152 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-1-тармақта 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар тауарлық газды өнім берушілерден Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде сатып алады.

Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға тауарлық газды өткізу шарттарында:

электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылардың халықты, заңды тұлғаларды, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтау үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.