«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 277-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру,

жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

1) 16-бапта:

33) тармақшада:

«диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер» деген сөздер «диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақ өнімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бекітеді» деген сөз «айқындайды» деген сөзбен ауыстырылсын;

«белгілейді» деген сөз «айқындайды» деген сөзбен ауыстырылсын;

34) тармақшадағы «диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер» деген сөздер «диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақ өнімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 22-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) бос тұрып қалғаны, үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмысы үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;»;

3) 26-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жұмыс беруші» деген сөздер «еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алу талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдар тізбесіне енгізілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын.

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Егер азаматтық-құқықтық шартта еңбек шартының осы Кодекстің 27-бабында көзделген ерекше белгілерінің ең болмағанда біреуі болса, жеке тұлғамен осындай шартты жасасуға жол берілмейді.

Еңбек шартының осы Кодекстің 27-бабында көзделген бір немесе бірнеше ерекше белгісін қамтитын шарт тараптардың оны нақты қалай атайтынына қарамастан, еңбек шарты деп танылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға алып келеді.»;

4) 32-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «немесе пана іздеген адамның куәлігі» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 52-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «, сондай-ақ» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 54-баптың 2-тармағында:

«жалғызілікті аналармен» деген сөздер «жалғызбасты ата-анамен» деген сөздермен ауыстырылсын;

«анасыз» деген сөз «ата-анасыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) 68-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:

«жалғызілікті аналарға» деген сөздер «жалғызбасты ата-анаға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«анасыз» деген сөз «ата-анасыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 75-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Мереке және демалыс күндері жұмыс істелген сағаттарды қоспағанда, жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде есептік кезең үшін үстеме сағаттар нақты жұмыс істелген сағаттар мен жұмыс уақытының теңгерімі бойынша есептік кезеңдегі сағаттар нормасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;

9) 111-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

10) 157-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «туралы ережелер енгізіледі.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

«10) ұйымдағы тиісті кәсіп, лауазым бойынша жалақының ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;

11) ұйымда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары туралы;

12) жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу туралы ережелер енгізіледі.»;

2-тармақтың 17) тармақшасы алып тасталсын;

11) 159-баптың 3-тармағында:

екінші бөлік «регламенті,» деген сөзден кейін «келісу комиссиясының жұмысына тәуелсіз делдалды тарту және оған қатысу тәртібі,» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Келісу комиссиясының жұмысына делдалдың қатысуы жөніндегі ұсынысты екінші тарап екі жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

Делдалдар тартылған барлық жағдайда олардың делдалдық етуге жазбаша келісімі алынуға тиіс.»;

12) 166-баптың 7-тармағы «кезде,» деген сөзден кейін «осы Кодекспен және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 172-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қызметін тоқтата тұру ауыр және қауіпті салдармен байланысты болатын және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдар үшін ереуіл өткізу кезеңіндегі қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемі (бұдан әрі - қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемі):

өндірістік процестердің үздіксіздігін;

технологиялық жабдықтың, қондырғылар мен техникалық құралдардың іркіліссіз және қауіпсіз жұмысын;

осындай объектілерге техникалық қызмет көрсету, өндірістік бақылау мен олардың тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функциялардың орындалуын қамтиды.»;

14) 174-бап мынадай мазмұндағы екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

«Ереуіл тоқтатыла тұрған жағдайда жұмыскерлер назарына тиісті шешім жеткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жұмысқа қайта шығуға міндетті.»;

«Қызметін тоқтата тұру ауыр және қауіпті салдармен байланысты болатын және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда жұмыс беруші мен жұмыскерлер ереуіл кезеңінде қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемін қамтамасыз етуге міндетті.

Қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлеміне кіретін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ оларды орындауға (көрсетуге) тартылатын жұмыскерлердің тізбесі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Жұмыс беруші қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемін орындауға (көрсетуге) тартылатын жұмыскерлерді осындай жұмыстарға олардың тартылатыны туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.

Қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемін тікелей орындайтын (көрсететін) жұмыскерлер аталған жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындайтын (көрсететін) кезеңде ереуілге қатысуға құқылы емес.»;

15) 175-баптың 1-тармағында:

«(осы Кодекстің 176-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Аталған кепілдік осы Кодекстің 176-бабының 1-тармағына сәйкес заңсыз болып табылатын ереуілдерді ұйымдастыру немесе оларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.»;

16) 176-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

1) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда;» деген сөздер алып тасталсын;

2-1) тармақшада:

«салдарлармен байланысты болатын» деген сөздер «салдармен байланысты болатын және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін» деген сөздермен ауыстырылсын;

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

«объектілерде» деген сөз «объектілерді пайдаланатын ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

«негізгі жабдықтардың, механизмдердің үздіксіз жұмысы» деген сөздер «қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемі» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «ескерілмей жарияланған» деген сөздер «бұзыла отырып жарияланған немесе өткізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 182-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдермен» деген сөздер «диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақ өнімдерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 184-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын тиісінше жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;

19) 187-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы «адамның» деген сөзден кейін «жұбайын (зайыбын) немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтың 2) тармақшасындағы «объектілерде» деген сөз «объектілерді пайдаланатын ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 188-бапта:

5-тармақтағы «объектідегі» деген сөз «объектілерді пайдаланатын ұйымдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтың 1) тармақшасындағы «объектілерде» деген сөз «объектілерді пайдаланатын ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Комиссияның жұмысына жұмыскердің ерік білдіруі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының ерік білдіруі бойынша жұмыскерге, ал ол қайтыс болған жағдайда - жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң көмегін көрсететін адвокат немесе заң консультанты оның өкілі ретінде дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқылы.»;

21) 188-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.

Комиссияның жұмысына жұмыскердің ерік білдіруі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының ерік білдіруі бойынша жұмыскерге, ал ол қайтыс болған жағдайда - жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң көмегін көрсететін адвокат немесе заң консультанты оның өкілі ретінде дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқылы.»;

22) 190-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігінде:

«өрескел абайсыздық» деген сөздер «зардап шеккен адамның өрескел абайсыздығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды» деген сөздер «зардап шеккен адам кінәсінің дәрежесін пайызбен, бірақ жиырма бес пайыздан асырмай белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «объектілерде» деген сөз «объектілерді пайдаланатын ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 192-баптың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын» деген сөздер «жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің жолданымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 194-баптың 4) тармақшасындағы «жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін» деген сөздер «жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің жолданымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

25) 198-баптың 1-тармағы «жұмыс берушінің», «жұмыс беруші» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жұмыскердің», «немесе жұмыскер» деген сөздермен толықтырылсын;

26) 202-баптың 3-тармағы «міндеттерді» деген сөзден кейін «ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынатын» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

7-бап мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:

«98-1) өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесін айқындау қағидаларын бекітеді;»

3. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

1) 12-баптың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:

«арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар желісінің нормативін;»;

2) 101-баптың 4-тармағы «адамдар үшін» деген сөздер «адамдар үшін -» деген сөздермен ауыстырылып, «режиміндегі» деген сөзден кейін «, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар үшін - икемді жұмыс уақыты режиміндегі» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 208-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «ананың» деген сөзден кейін «немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол іс жүзінде күтімді жүзеге асырған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын.

4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 6-баптың 1-тармағының 12-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

2) 27-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы алып тасталсын.

5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 28-баптың 1-тармағының 27) тармақшасындағы «активтер салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.» деген сөздер «активтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:

«28) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.»;

2) 1-қосымшаның 88-жолының 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«1) І кіші түр - стационар жағдайларында:

мүгедектігі бар балаларға;

он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;

жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

2) II кіші түр - жартылай стационар жағдайларында: мүгедектігі бар балаларға;

он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;

жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

3) III кіші түр - уақытша болу жағдайларында:

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға;

қатыгездікке ұшыраған құрбандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

4) IV кіші түр - үйде күтім жасау жағдайларында:

мүгедектігі бар балаларға;

он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;

жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру.».

6. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

16-баптың 3-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті

 

       Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 7 сәуір

             № 277-VIII ҚРЗ