«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 227 бұйрығы

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 227 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігіқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«84. Электр берудің әуе желілерін жанғыш шатырлардың және бастырмалардың, сондай-ақ жанғыш заттардың, материалдар мен бұйымдардың ашық қоймаларының (қатарлардың, маялардың), А, Б, В1-В4 санаттарындағы жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша сыртқы технологиялық қондырғылардың үстіне төсеуге және пайдалануға жол берілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 154-1-тармақпен толықтырылсын:

«154-1. Жеке тұрғын үйлердің тұрғын үй-жайлары дербес оптикалық-электрондық түтіндік өрт хабарлағыштармен жабдықталады.»;

519-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«519. Мұнай өнімімен қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы кәсіпорындар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесіне сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру құралдарының техникалық жай-күйіне тұрақты бақылау орнатылады.»;

1299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1299. Астық кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде оған қызмет көрсететін адамдар үнемі кептіргіш ғимаратында болады және оның жұмысын бақылауды жүзеге асырады.»;

1399-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.