Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану
құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 Қаулысы
(2014.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.22.10. № 1642 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 372 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:
«Медициналық көлік қызметі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
«Орталық жол ауруханасы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
«Университет клиникасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын беруді қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт, Төтенше жағдайлар министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.