«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 632 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегiн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 7 жинағында 2010 жылы жарияланды;) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегiн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - АЕК кешенді жан басына шаққандағы норматив) - құрамында АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компонентінен және кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын «Бекітілген халық тіркелімі» порталында (бұдан әрі - «БХТ» порталы) тіркелген, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің құны;