Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 434 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін Тізбесінің 4-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.