«Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 9 қарашадағы № 407 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 9 қарашадағы № 407 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктерінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төтенше жағдайлар министрі

М. Муханов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2026 жылғы 9 қарашадағы

№ 407 бұйрыққа қосымша

 

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелді).

2. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20180 болып тіркелді).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.