Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 155 бұйрығы
«Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-1-бабының 8-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілгі туралы Ереженің 15-тармағының 264-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Жұмылдыру дайындығы департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.