«Қазақстан Республикасының Халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1083 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6 - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (28328 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың (облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталық ауруханалар (бұдан әрі -АОА), ауданаралық ауруханалар (бұдан әрі - ААА) және ауылдық аурухана (бұдан әрі - АА) МО бөлімшелері (төсектік);»;
18, 19 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ересектер мен балаларға барлық кезеңдерде МО көрсету медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге ұсынылатын МО көлемінде жүзеге асырылады.
19. МО-ның көлемі төмендегідей бөлінеді:
1) І оңалту - бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес реанимация және қарқынды терапия немесе мамандандырылған бейінді бөлімшелерде ұсынылатын емдеу-диагностикалау және жекелеген оңалту қызметтерінің көлемі;