«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 780 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 780 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде (бұдан әрі - Ереже):

14-тармақта:

мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2) және 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«45-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту;

45-2) уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік біліктілік талаптарының негізінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту;

45-3) қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

«46-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жою;»;

1-тармағының оныншы абзацы 2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді

57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«57) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата түру немесе тоқтату не оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау;»;

60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«60) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және цифрлық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;»;

мынадай мазмұндағы 61-2) және 61-3) тармақшалармен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.