«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 837 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 837 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

реттік нөмірлері 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

26

Азаматтық құқықтар объектілерінің құқықтық табиғаты мен сыныптамасын айқындау және олардың құқықтық режимін нақтылау, «талап ету құқығы» және «зияткерлік меншік құқығы» сияқты объектілердің осы сыныптамадағы орнын айқындау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

27

Жеке құқық субъектілеріне тиесілі азаматтық құқықтардың алуан түрлілігін ескере отырып заңнаманы жетілдіру, оның ішінде заңды тұлғалар мен мемлекетке тиесілі құқықтардың тізбесін басқа да заттық және міндеттемелік құқықтармен, сондай-ақ мүліктік емес, айрықша құқықтармен, мұрагерлік құқығымен және өзге де мүліктік құқықтармен толықтыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы желтоқсан

Әділетмині, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.