«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына және «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 229-НҚ бұйрығы

«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына және «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 229-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

2-тармақтың 67) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«67) тақырыптық жәрмеңке - қазақстандық тауар өндірушілерді, оның ішінде шағын индустриялық аймақтарға қатысушыларды қолдау және халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылатын түрлі тақырыптағы жәрмеңке;»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ішкі сауданы дамытуды ынталандыру үшін сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді.»;

49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Сауда желісі мен сауда базарларын ұйымдастыру арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыру кезінде ішкі сауда субъектілері:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.