«Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 158 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 44 шешімі

«Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 158 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 44 шешімі

 

Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 3-4-174 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы:

4-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер бойынша өткізіледі:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.