«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 436 Қаулысы
1. «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) цифрландыру, жасанды интеллект, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, «цифрлық үкімет», дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық майнинг, жобалық басқару салаларында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтерді көрсету саласында (бұдан әрі - реттелетін салалар) басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: