«Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 85/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 82/НҚ бұйрығымен 2026 ж. 13 шілдеден бастап күші жойылады
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13102 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.