Бұланды аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-58/1 шешімі
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 болып тіркелген, 2018 жылғы 07 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;