Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 64 Қаулысы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 19-тармағын, 9-5-бабының 4, 5-тармақтарын, 6-тармағының 3) тармақшасын, 12, 13-тармақтарын, 16-тармағының 9-тармақшасын, 20-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағын, 15-бабының 6) тармақшасын, 16-бабының 3-тармағын, 41-бабының 3-тармағын, 50-бабының 10-тармағын, 105-бабының 7-тармағын (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 30-1-бабының 2-тармағының 8) тармақшасын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВВ»-ден төмен емес халықаралық шкала бойынша шетел валютасындағы ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтинг Қазақстан Республикасының мынадай бейрезидент заңды тұлғалары үшін белгіленсін:
банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы не олардың бас ұйымдарының мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалардың;