«Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-74 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 25 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар мен аурулар туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанда:
«2300 Арнайы ем алуға тиіс қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды емдеу туралы мәліметтер (ІІ клин. топ)» бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«