«Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 371 бұйрығы (күші жойылды)

«Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 371 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 225 бұйрығымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №19591 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:

5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.