«Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 84 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық туралы есеп нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы есеп нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп нысаны;