«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 275 қаулысына қосымша) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің

2019 жылғы 3 желтоқсандағы

№ 275 қаулысына қосымша

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды

 

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 453 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18951 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық эскизді (эскиздік жобаны) келісу - хат немесе осы стандарттың 10 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға немесе жеке тұлға) ұсынуы болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.