Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 11-1383 Қаулысы
(2016.13.05. берілген өзгерістермен)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 505-2004 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төмендегілер:
1) «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жобалау қызметіне лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 2-қосымшаға сәйкес;