Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 137-бабы 1-тармағының 4) және 5)-тармақшаларына, 138-бабтың 7-тармағына, 139-бабтың 4 және 8-тармақтарына, 140-бабтың 4 және 5-тармағына, 141-бабтың 5, 6, және 11-тармақтарына, 145-бабтың 5 және 8-тармақтарына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тарту қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кепілдік беру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингтеу және мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылау қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерлігімен қарыздар беру, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алу қағидалары;