«Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 225 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16985 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер өтініш беруші бас тарту туралы шешімге сотқа шағым берсе, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені қызмет беруші бас тарту туралы шешімнің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қызметті берушіге қайта өтініш береді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.»;
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: