«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 85 бұйрығы (күші жойылды)

 «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 85 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 48 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10681 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау жөніндегі жылдық есепті орналастырады.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.