(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕ...

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы

(2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.29.04. № 153 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.

 2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә.Сарбасов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.