Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 239 шешімі
Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 146 шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.