(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕРНЕУІ 220 КИЛОВОЛЬТ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ...

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

6 қосымша

 

Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Кернеуі 220 киловольт қосалқы станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу

әдістемесі

(2021.27.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Кернеуі 220 киловольт кіші станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Материалдар мен бұйымдардың шығын нормалары материалдар мен бұйымдарға дәйекті сұранымдарды құру және ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу негізінде энергетикалық кәсіпорынның техникалық базасын қалыптастыру үшін арналған.

3. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) энергияны беретін ұйым - электрлік немесе жылу энергияларын беруді келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын ұйым;

2) тұтынушы - электрлік және (немесе) жылу энергияларын келісім-шарт негізінде қолданатын жеке немесе заңды тұлға;

3) қосалқы станция - электр энергиясын түрлендіру мен таратуға арналған және трансформатордан немесе энергияның басқа да түрлендіргіштерінен, тарату құрылғыларынан, басқару құрылғылары мен қосымша құрылыстардан тұратын электр қондырғысы.

 

 

2 бөлім. Қолданылу саласы

 

4. Электр желілерін және соның ішінде қосалқы станцияларды пайдалану процесінде жабдықтың сенімді жұмысқа қабілетті жағдайын қамтамасыз ету үшін энергия объектісіне материалдар мен бұйымдардың шығын мөлшерлерін бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

5. Әдістеме 6/10/35/110/220 киловольт (бұдан әрі - кВ) кернеудегі қосалқы станциялар үшін ұсынады.

6. Материалдар мен бұйымдардың шығын нормаларын есептеуге арналған жабдық тізімі энергетикалық ұйымның, жабдықты дайындаушының техникалық құжаты негізінде әзірленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.