«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» және «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 311 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың: