«Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1440 бұйрығы

 «Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1440 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8628 тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы № 240 (28179) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасына:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің осы қағидасы «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.