(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БӨЛШЕК ЖӘНЕ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ ҮШІН ДӘРІЛІК ЗАТ...

Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 9 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілсін.

3. Осы бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № ҚР ДСМ-42 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 130940 болып тіркелген) бекітілген Дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларына сәйкес дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы айқындаған және есептеген деректердің негізінде қалыптастырылды.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.