Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 11-4 шешімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқада мейрамдар тізімі» Жарлығына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3376 тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Жайық үні» - «Жизнь города» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: