Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 20-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Әкімшілік деректерді жинауға қоса беріліп отырған нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Республикалық маңызы бар топтық су құбыры желілері тартылған елді мекендердің саны туралы мәліметтер»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жинақталған судың қосымша көлемі туралы мәліметтер»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Гидротехникалық құрылыстардың саны туралы мәліметтер» бекітілсін.
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Магистралдық және шаруашылықаралық арналар арқылы тасымалдау кезінде ауыл шаруашылығындағы су ысыраптарының деңгейі туралы мәліметтер»;
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы |
Б. Бекнияз |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 30 қаңтардағы
№ 20-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне.