«Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 102/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің аудитін жүргізген кезде аудиторды таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: