Осы редакция 2019 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2018.08.01. № 1/5 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды; Алматы қаласы әкімдігінің 2018.13.08. № 3/388 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакция (бұр.ред.қара)
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 Қаулысымен бекітілді
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
азаматтық хал акті жазбасының күшін мүдделі тараптардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде жойған кезде - азаматтық хал акті жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;
әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтірумен), атын, тегін, әкесiнiң атын өзгерту туралы жазбалардың күшін жойған кезде - бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлік, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;
неке бұзу туралы акт жазбасының күшiн жойған кезде - тиісті некені қию туралы куәлік;