«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығы (күші жойылды)

 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11181 болып тiркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1. Мына:

«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту»;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру»;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру»;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.