«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппарат басшысының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 31 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13 және 15-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Аппарат басшысының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Бұйрыққа 1-қосымшада:
Агенттіктің Ақмола облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Мұрат Сағатұлы Балпан | - | Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы енгізілсін; |
жоғарыда аталған кеңестің құрамынан А.Б. Баймагамбетов шығарылсын;
2) Бұйрыққа 14-қосымшада:
Агенттіктің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Мендыбаев Берик Мухтарович | - | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы енгізілсін;
|
жоғарыда аталған кеңестің құрамынан И.Ж. Есдавлетов шығарылсын;
3) Бұйрыққа 6-қосымша осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | Б. Бақтыгереев |
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі